18 шілде 2020 10:50

Нұр-Сұлтанға 23 тоннадан астам дәрі-дәрмек жеткізілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

 Фото: елорда әкімдігінің баспасөз қызметі  Фото: елорда әкімдігінің баспасөз қызметі

Нұр-Сұлтанға Covid-19, пневмония және басқа да бірқатар ауруды емдеуге арналған дәрі-дәрмектердің тағы бір партиясы келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.


Нұр-Сұлтанға Covid-19, пневмония және басқа да бірқатар ауруды емдеуге арналған дәрі-дәрмектердің тағы бір партиясы келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бүгін елордаға жүк ұшағымен (Үндістаннан) және жүк көліктерімен дәрі-дәрмектер жеткізілді. Дәрілердің жалпы салмағы 23 тоннадан асады.

Бұл тауарлар гуманитарлық көмек емес, оларды дәріхана желілерінің дистрибьюторлары сатып алған. Үкімет пен әкімдік дәрі-дәрмекті сатып алу және жеткізу процедураларын жеңілдету, логистика бойынша қолдау көрсетеді. Елорда әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша дәріхана желілерінің дистрибьюторларына дәрі-дәрмектерді сатып алуға айналым қаражаты бөлініп, тасымалдауға көмек көрсетіліп жатыр.

 Фото: елорда әкімдігінің баспасөз қызметі

Осылайша, бүгін дәріхана жүйелерiнің дистрибьюторларымен елордаға ксарелто, ингавирин, клексан, парацетамол, тромбо АСС, азитромицин, анаферон, сумамед, лидокоин, кардиомагнил, цефтриаксон, эргоферон және т.б. жеткізді. Ірі дәріхана желілерін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.

Еске сала кетейік, осы аптаның басында елордаға жүк ұшағымен 30 тоннадан астам дәрі-дәрмек жеткізілген болатын. Сондай-ақ жақын күндері елордаға 22 тоннадан астам дәрі-дәрмек келеді. Дәріханаларды дәрі-дәрмектермен қамту жұмыстары тұрақты негізде жүргізіледі.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети