23 желтоқсан 2021 10:34

Омикрон белгілері науқаспен байланыста болғаннан кейін бір күнде байқалуы мүмкін - сарапшы

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: © ️Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Омикрон штамын жұқтырған кезде инкубациялық кезең үш-алты күнге созылады, ауру белгілері науқаспен байланыста болғаннан кейін келесі күні пайда болуы мүмкін. Бұл туралы Мәскеу эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу институты директорының клиникалық жұмыс жөніндегі орынбасары, медицина ғылымдарының докторы Татьяна Руженцова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Бүгінгі мәліметке сәйкес, омикрон нұсқасын жұқтырған кезде инкубациялық кезең көбінесе үш-алты күнге созылады. Жаңа штамның тез таралу қабілетін ескере отырып, келесі күні немесе бір күн өткеннен кейін симптомдар пайда болу мүмкін", - деді Татьяна Руженцова.

Ол бірқатар елде штамм тез тарағаны "дельтаға" қарағанда омикрон кезінде инкубациялық кезең қысқарғанын көрсетеді.

Реклама
Реклама

Омикрон штамы қарашада Африка елдерінде анықталған. ДДСҰ шұғыл отырыстың нәтижелері бойынша коронавирустың жаңа нұсқасын алаңдаушылық тудыратын деп жіктеуге шешім қабылдады. Сарапшылар пікірінше, ауру адамдар да, вакцина алған адамдар да оны жұқтыруы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram