17 желтоқсан 2021 | 10:48

Оңтүстік Африка дәрігері омикрон штамының екі симптомын атады

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Сурет © Reuters

Омикрон штамы көп тараған Оңтүстік Африка Республикасының дәрігері Райан Ноах The Telegraph-қа берген сұхбатында инфекцияның екі симптомын атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Известия" сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Омикрон штамы көп тараған Оңтүстік Африка Республикасының дәрігері Райан Ноах The Telegraph-қа берген сұхбатында инфекцияның екі симптомын атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Известия" сайтына сілтеме жасап.

Дәрігердің айтуынша, омикрон жұқтырған науқастардың белі ауырып, тамағы жыбырлайды. 

Сонымен қатар, дәрігер бұл штамды жұқтырған науқастар дельта нұсқасына қарағанда ауруханаларға 23 пайызға аз түсетінін айтты. Ноах сарапшылар COVID-19-дың жаңа штамын жұқтырған 19 мыңға жуық жағдайды талдағаннан кейін осындай тұжырым жасағанын мәлімдеді.

Реклама
Реклама

The Telegraph мақаласында COVID-19-дың жеңіл өтуі жаңа Оңтүстік Африка штамы қауіпті емес дегенді білдірмейтінін айтты. 

Бұған дейін Ұлыбританияның денсаулық сақтау саласындағы қауіпсіздік агенттігінің атқарушы директоры Дженни Харрис омикрон штамы пандемия кезіндегі елдің денсаулық сақтау жүйесі үшін ең қауіпті жағдай екенін мәлімдеген еді. Оның айтуынша, коронавирустың бұл нұсқасы мутациялары көп болуымен ерекшеленеді, бұл штамм тіпті вакцина салғандар үшін де қауіпті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная