1. Басты
  2. Біл
  3. Техно
  4. Денсаулық

Оңтүстік Кореяда әлеуметтік қашықтықты сақтау шаралары күшейтіліп жатыр

Оңтүстік Корея билігі әлеуметтік қашықтықты сақтаудың қазіргі деңгейін тағы 14 күнге ұзартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Korea JoongAng

©REUTERS

Оңтүстік Корея билігі әлеуметтік қашықтықты сақтаудың қазіргі деңгейін тағы 14 күнге ұзартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Korea JoongAng Daily сайтына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, қазіргі әлеуметтік қашықтықты сақтау шаралары 17 қазанда аяқталатындықтан, үкімет 18-нен бастап апатқа қарсы және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында орталық штаб отырысында түзету жоспарын бекітеді.

Елдің премьер-министрі Ким Бу Гемнің айтуынша, елордада әлеуметтік қашықтықты сақтаудың төртінші деңгейі, басқа аймақтарда үшінші деңгейі жұмыс істейді.

"Екпе алған азаматтардың саны 70 пайызға жақындаған кезде бірқатар карантиндік ережелер жеңілдетіледі", - деді премьер-министр.

Сондай-ақ, ең көп дегенде алты адамның қатысуымен жеке кездесулерге, егер құрамында толық екпе алған екі адам болса, сағат 18.00-ге дейін рұқсат етіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!