01 маусым 2022 | 09:39

Павлодарда клиникалық өлімге ұшыраған әйел аман қалды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
pavlodarnews.kz

Павлодарлық жедел жәрдем клиникалық өлімге ұшыраған әйелді аман алып қалды, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Павлодарлық жедел жәрдем клиникалық өлімге ұшыраған әйелді аман алып қалды, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық жедел жәрдем мәліметінше, қоңырау сағат 20:20-да түскен. Қоңырау шалушы диспетчерге әйел адамда аллергиялық реакция басталып, тұншығып жатқанын айтқан. Оқиға орнына 25 шақырым жерде Чернорецк ауылындағы қосалқы станцияда кезекшілік ететін бригада жіберілген. 

Медицина қызметкерлері 20 минутта аталған мекенжайда болған. 

Реклама
Реклама

 "Фельдшер Ермек Шукуев зардап шеккен адамға "клиникалық өлім" диагнозын қойған. Ол науқасқа дереу интубация және жанама жүрек массажын жасай бастады. Фельдшерге жүргізуші Ерлан Рамазанов көмектесті. Әйел тыныс алған кезде оны Павлодарға жеткізді. Қазір ол №3 қалалық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр", - дейді 103 Павлодар қызметі бас дәрігерінің орынбасары Ольга Вербовая.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная