30 қараша 2021 | 08:37

PAXLOVID препараты жаңа "омикрон" штамына қарсы тиімді болуы керек - Pfizer

©REUTERS

Pfizer компаниясының бас директоры Альберт Бурла COVID-19 жұқтырғандарды емдеу үшін фармацевтикалық компания жасаған PAXLOVID препараты жаңа "омикрон" штамына қарсы тиімді болуы керек деп мәлімдеді. Бұл туралы CNBC Television YouTube арнасындағы эфирде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Pfizer компаниясының бас директоры Альберт Бурла COVID-19 жұқтырғандарды емдеу үшін фармацевтикалық компания жасаған PAXLOVID препараты жаңа "омикрон" штамына қарсы тиімді болуы керек деп мәлімдеді. Бұл туралы CNBC Television YouTube арнасындағы эфирде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бурла "омикрон" штамы туралы әлі көп мәлімет белгісіз екенін және алдағы апталарда қосымша ақпарат пайда болатынын атап өтті.

"Бұл маған вирустың ауыз арқылы емдеуге әсер етпейтініне өте жоғары сенімділік беріп отыр. Вакцина туралы сөз болғанда, әзірше ештеңе анық емес. Нәтижесінде вакциналар көмектесе алмайтындай жағдай бола қоймайды деп ойлаймын", - деді ол.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, Reuters агенттігінің хабарына қарағанда, Бурла Pfizer компаниясы қазір өзінің вирусқа қарсы тәжірибелік препаратымен 80 миллион емдеу курсын өткізуді жоспарлап отырғанын хабарлапты.

"Қазір біз 80 миллион дозаны шығаруға міндеттеме ала аламыз... өндірістік жабдықтарымыздың арқасында", - деді ол. Қорытындылай келе, компанияның бас атқарушы директоры PAXLOVID препараты жаңа омикрон штамының ықпалына ұшырамайтынына сенімді екенін айтты.

Осы айдың басында Pfizer АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмектер басқармасына PAXLOVID препаратын шұғыл қолдануға рұқсат беру үшін өтініш түсірген. 18 жастан асқандар арасында жүргізілген клиникалық зерттеулерде Pfizer таблеткалары ауруханаға жатқызу немесе аурудан қайтыс болу қаупін 89 пайызға төмендететінін анықтады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная