09 наурыз 2021 | 17:39

Pfizer коронавирустың "бразилиялық" штамына төтеп бере алады - зерттеу

Фото ©REUTERS

Pfizer/BioNTech компаниясының коронавирусқа қарсы вакцинасы зертханалық жағдайда коронавирустың "бразилиялық" штамын бейтараптандыра алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Pfizer/BioNTech компаниясының коронавирусқа қарсы вакцинасы зертханалық жағдайда коронавирустың "бразилиялық" штамын бейтараптандыра алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

Зерттеулерге сәйкес, Pfizer-мен вакцинацияланған адамның қанында "бразилиялық" коронавирус штамының қолдан жасалған нұсқасын бейтараптандыратын антиденелер пайда болған. Мамандар вакцина бұл штамға әдеттегі коронавирустағыдай әсер ететінін мәлімдеді. Бұған Ұлыбританияның медицина журналында жарияланған зерттеулер дәлел бола алады.

Бұған дейін жарияланған зерттеулерде Pfizer өзінің вакцинасы Ұлыбритания мен Оңтүстік Африкада алғаш рет анықталған басқа да жұқпалы штамды бейтараптандыратынын хабарлады.

Реклама
Реклама

Pfizer/Biotech әзірлеушілері олардың препараты вирустың "Оңтүстік Африка" штамынан қорғауға қабілетті екенін анықтады, бірақ оны қосымша зерттеу қажет.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная