15 желтоқсан 2021 | 09:57

Pfizer вакцинасының екі дозасы омикронға қарсы 70 пайызға тиімді - ғалымдар

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Зерттеу нәтижелері Pfizer/BioNTech вакцинасының екі дозасы омикрон штамының ауыр жағдайларына қарсы 70 пайызға тиімді екенін көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Зерттеу нәтижелері Pfizer/BioNTech вакцинасының екі дозасы омикрон штамының ауыр жағдайларына қарсы 70 пайызға тиімді екенін көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

"Pfizer/BioNTech препаратының екі дозасы ауруханаға жатқызуды қажет ететін COVID-19-дың ауыр дәрежесінен 70 пайыз қорғайды, сондай-ақ, омикрон штамын жұқтырудан 33 пайыз қорғай алады", - делінген Оңтүстік Африканың Discovery Health медициналық сақтандыру компаниясы ғалымдарының зерттеуінде.

Ғалымдар бұл көрсеткіш барлық жас тобы үшін бірдей екенін айтты.

Реклама
Реклама

Бұған дейін Оңтүстік Африка ғалымдары омикрон штамына қарсы Pfizer вакцинасының екі дозасы 22,5 пайыз тиімді екенін мәлімдеген еді.

Еске салайық, Қазақстанда Pfizer вакцинасы 12-18 жас аралығындағы жасөспірімдерге, сондай-ақ, жүкті және бала емізетін әйелдерге қолжетімді. Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандықтар қалауы бойынша ақылы түрде Pfizer вакцинасының екі дозасын ала алатынын айтқан болатын. Алайда ол ДДСҰ ұсынысы бойынша вакцина алған азаматтарға бір дозасы да жеткілікті екенін мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная