27 қаңтар 2022 | 19:00

Постковид синдромы бір жылға дейін созылуы мүмкін - санитария дәрігері

Жансая Қадыржанова Корреспондент

COVID-19-бен ауырғандар үшін постковид синдромы үш айдан бір жылға дейін созылуы мүмкін, кейде ол жазылғаннан кейін 2-3 айдан кейін ғана дамиды. Бұл туралы елорданың бас санитария дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

COVID-19-бен ауырғандар үшін постковид синдромы үш айдан бір жылға дейін созылуы мүмкін, кейде ол жазылғаннан кейін 2-3 айдан кейін ғана дамиды. Бұл туралы елорданың бас санитария дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бейсенова эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанына қарамастан, елордада коронавирус жұқтыру жағдайы көп тіркеліп отырғанын айтты.

"Бір тәулік ішінде 2852 жағдай тіркелді. Қаңтардың басынан бері 72 017 жағдай тіркелген, бұл Қазақстан бойынша тіркелген деректің 44,6 пайызы болады", - деп мәлімдеді Бейсенова.

Реклама
Реклама

Елорданың бас санитария дәрігері COVID-19 ауруының денсаулыққа ұзақ уақыт созылатын теріс әсері бар екенін, әсіресе вакцина алмаған адамдарға әсерін айтты.

"Вакцинадан гөрі ауырған дұрыс деп санайтын адамдар бар. Бұл дұрыс емес. Коронавирус - өте қауіпті ауру. Постковид синдромы - белгілі жағдай. Ол үш айдан бір жылға дейін созылуы мүмкін. Кейде аурудан соң 2-3 айдан кейін ғана дамиды. Сонымен қатар, иммунитет COVID-19 жеңіл өтетін жағдайлар да қатты зардап шегеді. Омикрон дельтаға қарағанда жеті есе жұқпалы екенін ескерсек, халықтың көп бөлігінде иммунитет төмендейтінін түсіну керек", - деп қосты ол.

Сархат Бейсенова омикрон штамы бір адамнан екінші адамға өте оңай жұғатынын еске салды. Оның айтуынша, COVID-19-дан қорғанудың жалғыз дұрыс және тиімді әдісі - вакцина мен ревакцина.

Санитария дәрігері азаматтарға алдын алу шараларын сақтау қажет екенін айтты: бетперде тағу, қашықтықты сақтау және қолды зарарсыздандыру.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная