Қатерлі ісікпен күресетін вакцина жасалды

Иллюстрациялық сурет © 420on.cz

Калифорния университетіні? ?алымдары ?атерлі ісік жасушаларымен к?ресетін ж?не обыр?а ?арсы иммун ж?йесін к?шейтетін модификациялан?ан генетикалы? вирус жасады. Б?л туралы а?парат MedicalXpess журналында жарияланды. 

Калифорния университетінің ғалымдары қатерлі ісік жасушаларымен күресетін және обырға қарсы иммун жүйесін күшейтетін модификацияланған генетикалық вирус жасады. Бұл туралы ақпарат MedicalXpess журналында жарияланды. 

Pexa-Vec аталатын онкологиялық вирус сиыр шешегінің модефикацияланған түрі. Сонымен қоса, оған иммун жасушаларының өсуіне түрткі болатын пептидті молекула қосылған. Оның үстіне вирустан киназа тимидині атты ген алып тасталды, осы арқылы инфекциялық агент тек қатерлі ісік жасушаларында тарайды.

Pexa-Vec қатерлі ісіктің өсуіне қажетті қан тамырларының өсімін шектейтіні дәлелденді. Вакцинаны ісіктің өзіне ғана емес, тамырға да сала беруге болады екен. Осы арқылы вирус бастапқы кезеңдегі қатерлі ісікті ғана емес, өзге жерлерге тараған метостазаға да шабуыл жасауына мүмкіндік береді. 

Реклама
Реклама

Pexa-Vec ұйқы безінің нейроэндокринді обырына шалдыққан тышқандарға сыналды. Тәжірибе кезінде вирус сау органдарға зиян келтірмегені байқалған. Ондағы инфекциялық агент қатерлі ісіктің бір бөлігін ғана жойған, ал оның иммунды жүйенің күшеюіне түрткі болуы қатерлі ісікті толық жойған екен. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама