Қазақстанда бедеулікке және белсіздікке шалынған жұптар азаймай тұр

Қазақстанда бедеулікке және белсіздікке шалынған жұптар азаймай тұр © KazMedic.kz

?аза?станны? Репродуктивті медицина ассоциациясыны? президенті Вячеслав Локшин "Бедеулікті емдеуді? жа?а жолдары. БРТ: ?азіргісі мен болаша?ы" атты халы?аралы? конгресс барысында ?аза?станда белсіздік пен бедеулік жиілігі 15 пайызды ??райтынын ж?не еш т?мендемей т?р?анын м?лімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанның Репродуктивті медицина ассоциациясының президенті Вячеслав Локшин "Бедеулікті емдеудің жаңа жолдары. БРТ: қазіргісі мен болашағы" атты халықаралық конгресс барысында Қазақстанда белсіздік пен бедеулік жиілігі 15 пайызды құрайтынын және еш төмендемей тұрғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін халықаралық медициналық конгресске Ресей, Украина, Израиль, Германия, Дания, Бельгия, Ұлыбритания, Испания, Италия, Үндістан, Таиланд, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан мен еліміздің алдыңғы қатардағы мамандары жиналып, репродуктивті технологиялар саласындағы тәжірибесімен алмасты.

Ассоциация басшысының мәліметінше, Қазақстанда қосалқы репродуктивті технологияны (ҚРТ) сәтті қолдану нәтижесінде 20 жылда 12 200 сәби дүниеге келген. Жасанды жолмен ұрықтандыру арқылы жылына 2 000 бала дүниеге келеді екен. Сонымен қатар, қазіргі кезде Қазақстанда 22 жасанды жолмен ұрықтандыру орталығы, оның ішінде 17 мекеме жергілікті.

Реклама
Реклама

Локшиннің айтуынша, жасанды қрықтандыру арқылы және табиғи жолмен дүниеге келген балалардың денсаулығында еш айырмашылық болмайды екен. Егер көп балалы отбасында сәбидің ауруға шалдығып қалу қаупі болса, жасанды жолмен дүниеге келген балалар ұзақ күтіп жеткен болғандықтан барлық жағынан қамсыздандырылған болатыны байқалады. Ал мұндай балаларда денсаулығымен қиындықтар байқалмайды.

Сонымен қатар маманның сөзінше, тұқымсыздық себебі көп: семіздік, ерлерде де, әйелдерде де (шамамен артық салмағы бар адамдардың 30 пайызында репродуктивті жүйесі бұзылады); жасанды түсіктер; ішімдікті көп пайдалану, жыныс жолдарымен таралатын аурулар; жүктілік кезіндегі қиындықтар; жұқпалы аурларға шалдығу.

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама