Қазақстанда дәрігерлердің жалақысына қарағанда медициналық қызметтердің бағасы тез өсіп жатыр

© Тұрар Қазанғапов

?аза?станда д?рігерлерді? жала?ысына ?ара?анда медициналы? ?ызметтерді? ба?асы тез ?сіп жатыр, - деп хабарлайды Energryprom.kz сарапшылары.

Қазақстанда дәрігерлердің жалақысына қарағанда медициналық қызметтердің бағасы тез өсіп жатыр, - деп хабарлайды Energryprom.kz сарапшылары.

Сарапшылардың мәліметінше, алғашқы дәрігерлік қабылдау бағасы бір жылда 10 пайызға, жалпы қан сараптамасы 7,6 пайызға, несеп сараптамасы 8,5 пайызға, құрсақ қуысы органдарына ультрадыбысты зерттеу жүргізу бағасы бір жылда 13 пайызға қымбаттаған. Сондай-ақ, массаж жасау қызметі 6,5 пайызға, шипажайда ем алу 6,8 пайызға қымбаттағаны айтылады.

Сарапшылар денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың болашаққа жақсы болжам жасағанын айтып өтті. Министрдің айтуынша, міндеттелген медициналық сақтандыру жүйесінде дәрігерлердің орташа жалақысы өсіп, клиникалардың табысы көбейеді.

Реклама
Реклама

"2016 жылдың қорытындысы бойынша дәрігерлердің саны 7 пайызға (74,6 мыңға), медицина қызметкерлерінің орта саны 4,2 пайызға (170,8 мыңға) көбейді. 2015 жылмен салыстыратын болсақ, 2 жыл бұрын дәрігерлердің саны жылына 1,2 пайызға өссе, медицина қызметкерлерінің саны 2,4 пайызға ғана көбейген", - дейді мамандар.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама