Қазақстанда тұмауға қарсы вакцинациялауға қанша ақша жұмсалады?

© pixabay.com

1 ?азаннан бастап ?аза?станда т?мау?а ?арсы вакцинациялау кампаниясы басталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулы? са?тау министрлігіні? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

1 қазаннан бастап Қазақстанда тұмауға қарсы вакцинациялау кампаниясы басталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше,  2017-2018 жылдардағы эпидмаусымға бюджеттік қаражаттың 1 миллиард 200 миллион теңгесіне РФ өндірген "Гриппол плюс" вакцинасының 1,5 миллион дозасы сатып алынды.

"Мемлекеттік бюджет есебінен вакцинациялаудан созылмалы өкпе, жүрек-қан тамыры ауруларымен ауыратын, иммундық тапшылығы, әлсіз және жиі ауыратын балалар, медицина қызметкерлері мен жүктіліктің екінші және үшінші триместріндегі жүкті әйелдер алады. Сондай-ақ жұмыс берушілер есебінен және адамдардың жеке қаражатынан егілетін болады", - деді министрліктің баспасөз қызметіндегілер.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, министрліктегілер Қазақстан халқына өз балаларын инфекциялық аурулардан қорғану құқығынан айырмауға және олардың денсаулығын барлық қолжетімді әдістермен, оның ішінде вакцинациялаумен қамтамасыз етуге шақырады.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама