Қытай дәрігерлері ыстық шайдың қаупі жайлы айтты

© goobjoog.com

Ысты? шай, алкоголь мен шылым шегу ??еш обырыны? ?аупін еселейді. ?ытайды? бір топ ?алымыны? зерттеуі Annals of Internal Medicine журналында жарияланды. 

Ыстық шай, алкоголь мен шылым шегу өңеш обырының қаупін еселейді. Қытайдың бір топ ғалымының зерттеуі Annals of Internal Medicine журналында жарияланды. 

30 бен 79 жас аралығындағы 456 мың адамның тамақтану әдебіне тоғыз жыл бойы жүргізілген зерттеуден 1731 жағдайда өңештің обыры пайда болғаны байқалған. 

Ғалымдардың пайымынша, бұл дерт ыстық шай мен ішімдікті жиі пайдаланатындар арасында бес есе көп кездескен. Сонымен қатар, ыстық сусындар мен шылым шегетіндер арасында ол екі есе жиі байқалған. 

Реклама
Реклама

Зерттеу мәліметтеріне сәйкес, Цельсий бойынша 65 градустан жоғары температурадағы сусындар ішкі органдарға термикалық жарақат түсіреді, ал кейін ол онкологиялық дертке меңдеуі мүмкін. Осыған байланысты ғалымдар өте ыстық сусындарды пайдалануда абай болуға шақырды, әсіресе, темекі шегетін және ішімдікке әуес адамдар қауіпке жақын екен. 

Жақында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы алкогольдік ішімдіктер мен қатерлі ісіктің бірқатарының байланысы барын мәлімдеген. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама