Қытайдан Нұр-Сұлтанға ұшып келген қыз тұмау жұқтырған

Нұр-Сұлтан ауруханасына дене қызуы көтеріліп түскен қазақстандық 2003 жылғы қыздың тұмау жұқтырғаны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Нұр-Сұлтан ауруханасына дене қызуы көтеріліп түскен қазақстандық 2003 жылғы қыздың тұмау жұқтырғаны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Еліміздің бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин тілшімен сұхбат кезінде қыз баланың H3N2 тұмауын жұқтырғанын айтты. "Бұл нақты ақпарат", - деді ол. 

 28 қаңтарда Нұр-Сұлтанға Қытайдан келген 2003 жылғы қыз бала ауруханаға жатқызылды. Ол балалар жұқпалы ауру ауруханасына жатқызылды. Оның дене қызуы 37,4 болды, тамағы жыбырлауы анықталған. Қыз баланың тек Бейжіңде болғаны айтылады, ол қала аумағынан шықпаған. 

Реклама
Реклама

Осыған дейін, Қазақстанда Қытайдан келген 35 адамды ауруханаға жатқызып, оқшаулағаны туралы айтты. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама