17 желтоқсан 2022 14:49

Салат жасағанда майонез орнына не қосуға болады? Диетолог жауап берді

Кез келген майонездің калориясы өте жоғары - оның құрамында 60-70 пайыз май болады, сондықтан салаттарға балама нұсқаларын қолданған дұрыс. Бұл туралы диетолог Елена Соломатина айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Біріншіден, үйден өзіңіз майонез жасай аласыз. "Ол үшін өз тауықтарыңыздың не бөдене жұмыртқасын қолдану керек - дүкеннен алатыныңызда сальмонеллез болуы мүмкін", - дейді маман.

Диетологтың айтуынша, майы аз қаймақ немесе табиғи йогурт дұрыс таңдау болады. "Майсыз қаймақта 10-15 пайыз май, ал йогуртта 5 немесе 2,5 пайыз май болуы мүмкін", - деді ол.

Реклама
Реклама

"Болмаса, кез келген майонезді қаймақпен немесе йогуртпен кем дегенде 50 де 50 қылып араластырамыз. Пайдалының пропорциясы неғұрлым көп болса, оның калориясы соғұрлым аз болатыны анық", - деп бөлісті диетолог.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram