Семіздік қатерлі ісікті емдеуге кедергі - Ғалымдар

© MyShared.ru

Массачусетс штатында?ы Жалпы клиникалы? аурухананы? зерттеушілері семіздікті? с?т безіні? обырын емдеуге кедергі келтіретінін аны?тады. Б?л туралы EurekAlert! порталында жариялан?ан баспас?з баянында хабарлан?ан. 

Массачусетс штатындағы Жалпы клиникалық аурухананың зерттеушілері семіздіктің сүт безінің обырын емдеуге кедергі келтіретінін анықтады. Бұл туралы EurekAlert! порталында жарияланған баспасөз баянында хабарланған. 

Сүт безінің обырына шалдыққан пациенттердің 70 пайызы семіздікке шалдыққан болып шықты. Осыған байланысты қатерлі ісіктің бір бөлігінде майлар болады. Оның үстіне семіздік қабыну мен ангиоген факторлардың пайда болуына түрткі. Ал осының барлығы жинала келе қан тамырлы эндотелиальды өсім факторын (VEGF) бөгейтін бевацизумаб препаратының әсерін жояды. Бұл дәрі ангиогенез бен метастазаның дамуымен күреседі. 

Зерттеушілер сүт безінің обырына шалдыққан адамдарға бевацизумаб терапиясы қалай әсер етінін сараптаған. Қорытынды бұл дәрінің пациенттердің бәріне көмектесе бермейтіні анықталды. Осылайша, салмағы артық емделушілерде қатерлі ісік 33 пайызға нашар емделген.  

Реклама
Реклама

Қатерлі ісіктегі май тіндерінде қан тамыры аз болады, ал бұл дәрінің ісікке сіңуіне қиындық тудырады. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама