Шашты химиялық жолмен түзеу қатерлі ісік тудыруы мүмкін - ғалымдар

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Шашты химиялық жолмен түзеу қатерлі ісік тудыруы мүмкін - ғалымдар

АҚШ ұлттық денсаулық сақтау институтының жаңа зерттеуі шашты химиялық жолмен түзеу әйелдерде жатыр қатерлі ісігінің дамуына әкелуі мүмкін екенін анықтаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі институт сайтына сілтеме жасап.

Зерттеуге 35 пен 74 жас аралығындағы 33 мыңнан аса әйел қатысқан. Әйелдер 11 жылға жуық бақылауда болған.

Ғалымдар зерттеу барысында шашты химиялық жолмен түзететін әйелдерде жатырдың қатерлі ісігіне шалдығу қаупі осы өнімдерді қолданбағандармен, салыстырғанда екі есе жоғары екенін анықтаған.

Жарнама
Жарнама

"Зерттеу шашын химиялық жолмен түзетпеген әйелдердің 1,64 пайызында 70 жасқа дейін жатырдың қатерлі ісігінің кездесуі сирек екенін, ал жиі қолданатын әйелдерде бұл қауіп 4,05 пайызға дейін артық екенін көрсетті", - дейді зерттеудің жетекші авторы Александра Уайт.

Сарапшылардың пікірінше, онкология қаупінің артуына өнімнің құрамына кіретін парабен, бисфенол А, металдар және формальдегид сияқты химиялық заттар себеп болуы мүмкін. Олар бас терісі арқылы қанға енеді.

Сондай-ақ, ғалымдар шашқа арналған басқа өнімдерден мұндай қауіпті байқамағанын атап өтті. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама