ПОДЕЛИТЬСЯ
31 мамыр 2022 | 08:05
Шайды дұрыс ішпеу қатерлі ісікке әкелуі мүмкін - дәрігер
Түрік дәрігері, ішкі аурулардың маманы Осман Эрк Sözcü басылымына берген сұхбатында шайды қалай дұрыс қайнату керегін және қай уақытта ішкен дұрыс екенін айтып берді, - деп хабарлайды ИноСМИ басылымы.

Профессордың айтуынша, шайды қайнатқан кезде жоғары температураға жеткізбеу керек.
"Шайды ұзақ қайнатса құрамы өзгеріп, зиян бола бастайды. Түркияның Эрзурум, Ардахан, Карс сияқты аймақтарында шайды ыстықтай ішу кеңінен тарағандықтан өңеш ісігі ауруы да жиі кездеседі", - дейді дәрігер.
Маман қант пен тәттілерді шайға салуға болмайтынын және тамақ ішіп отырып немесе тамақтан кейін бірден шай ішуге болмайтынын айтады.
"Қосуға болатын жалғыз нәрсе - шайдың антиоксиданттық белсенділігін арттыратын және оны пайдалы сусынға айналдыратын лимон шырыны. Қан аздық сияқты мәселелерге тамақ ішіп болғаннан кейінгі бір сағатта лимон қосылған әлсіз шай ішу пайдалы", - деді ол.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также