Шымкентте ер адамға марқұмның органы ауыстырылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Шымкентте ер адамға марқұмның органы ауыстырылды Иллюстрациялық фото ©️ Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Марқұмның туыстары оның ішкі ағзасын донор ретінде пайдалануға рұқсат берген. 44 жастағы шымкенттік тұрғынға бауыр ауыстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Марқұмның туыстары оның ішкі ағзасын донор ретінде пайдалануға рұқсат берген. 44 жастағы шымкенттік тұрғынға бауыр ауыстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл Шымкентте мәйіт донордан жасалған алғашқы бауыр трансплантациясы. Операция шамамен алты сағатқа созылған. Кешенді трансплантацияны қалалық клиникалық аурухана дәрігерлері жүргізді.

Бұрын дәрігерлер тек тірі донорлармен жұмыс істеген. Бірақ осы жолы қайтыс болған адамның органдарын пайдалануға мүмкіндік болған, оған марқұмның туыстары ресми келісім берген. Операция 44 жастағы ер адамға жасалған. Оның жақын туыстары арасынан донор табылмаған екен.

Реклама
Реклама

Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, қазір науқастың жағдайы жақсы. Сондай-ақ, донардың басқа органдары арнайы рейспен елордаға жөнелтілген. Олар мұқтаж науқастарға ауыстырылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама