24 мамыр 2022 06:57

Шымкенттік дәрігерлер сирек кездесетін ауруға шалдыққан жасөспірімге ота жасады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото 24.kz

Шымкенттік дәрігерлер Арнольд Хиари синдромына шалдыққан науқасқа алғаш рет ота жасады, - деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкенттік дәрігерлер Арнольд Хиари синдромына шалдыққан науқасқа алғаш рет ота жасады, - деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

Мидың бұл патологиясымен ауыратын науқаста жиі басы ауырады, жүрісі бұзылады, қолдары дірілдейді.

Балалар клиникалық ауруханасында 15 жастағы науқасқа ота сәтті  жасалды. Дәрігерлер ота жасалмағанда бала мүгедек болып қалуы мүмкін екенін айтты. Емдеуді жалғастырып жатыр.

Реклама
Реклама

"Осындай науқасқа шалдыққан балалар осы уақытқа дейін Нұр-Сұлтан және Алматы нейрохирургия институтына баратын. Қазір микроскопты, нейромониторингті, микроқұралдарды сатып алудың арқасында өзімізде хирургиялық көмек көрсете бастадық", - деді балалар клиникалық ауруханасының нейрохирург-дәрігері Самат Көкшібаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады