ПОДЕЛИТЬСЯ
03 маусым 2022 | 06:48
СҚО тұрғыны сәтсіз операциядан кейін сөйлей алмай қалды
СҚО тұрғыны Майра Сексенова сәтсіз операциядан кейін дауысы шықпай қалғанын айтып шағымданды, - деп хабарлайды "Хабар 24".
ПОДЕЛИТЬСЯ
СҚО тұрғыны Майра Сексенова сәтсіз операциядан кейін дауысы шықпай қалғанын айтып шағымданды, - деп хабарлайды "Хабар 24".
Науқастың айтуынша, операция кезінде хирург қателесіп, дауыс байламдарын зақымдаған. Қазір әйел шетелде емделу үшін қаражат қажет деп, шығынды өтеуді талап етіп отыр.
"Операцияға дейін бір диагнозым болған, операциядан кейін басқа диагнозбен шықтым. Қазір ентігіп сөйлей алмаймын", - дейді жәбірленуші.
Қайғылы ота әйелге өткен жылдың тамыз айында облыстық ауруханада жасалған. Дәрігерлер дауыс қалпына келеді деп уәде берген, бірақ олай болмаған.
"Екі жыл өтті дауысы әлі қалпына келген жоқ. Өмір бойы мүгедек болып қалды. Соңғы үмітіміз Омбы қаласы және Мәскеулік клиникаға барып, ем алу", - деді Майра Сексенованың жиені Айнұр Қозыбаева.
Ресейлік мамандар науқасқа дауысын қайтаруға уәде берген. Алайда Омбы емханасына барып тексерілу үшін операциядан бөлек екі миллион теңге қажет. Әйелде ондай ақша жоқ.
Қазір ол үшінші топтағы мүгедек. Осыған дейін балабақшада тәрбиеші болып жұмыс істеген. Бірақ сәтсіз операциядан кейін ол ассистент қызметіне ауыстырылған, табысының көп бөлігі емделуге кетеді.
Ал, облыстық аурухана басшылығы дәрігердің кінәсі дәлелденбегенін, ұзақ сот ісін жүргізуге ниеттері жоқтығын айтты.
"Сексенбаевамен біз медиациялық келісім жасаймыз. Бұл бірінші кезекте уақыт үнемдеуге көмектеседі. Яғни, ол тезірек медициналық жәрдем ала алады. Ал операция жасаған дәрігердің кінәсі бар-жоғын анықтаудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Оған көп уақыт қажет. Себебі түрлі сараптама тағайындау керек", - деді облыстық көпбейінді аурухана директорының міндетін атқарушы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также