29 тамыз 2022 | 13:51

Спортзалға бармай 42 келі тастаған әйел құпиясын бөлісті

Сингапурлық 35 жастағы Жасмин Тинг екі жылдан аз уақыт ішінде күнде жүру арқылы 42 келі тастады, - деп хабарлайды Asia One.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Сингапурлық 35 жастағы Жасмин Тинг екі жылдан аз уақыт ішінде күнде жүру арқылы 42 келі тастады, - деп хабарлайды Asia One.

Әйел күнделікті жұмыстарын орындау қиынға соғып жатқанын түсінген соң, арықтауға бел буған. Салмағы 110 келі болатын Тинг баспалдақпен көтерілген сайын қатты ентіге бастаған.

Екі жылға жуық уақыттан кейін әйелдің салмағы 68 келі болды. Тинг өзіне үзіліспен аштық жасайды, бірақ қарапайым жаяу жүру оны осындай нәтижеге әкелгенін айтады. Әйел аптасына кемінде бес рет алты-он шақырым жаяу жүреді, бұл салмақ жоғалтудың оңай және арзан әдісі екенін атап өтті.

Реклама
Реклама

Тинг жаттығу залына бармайды, себебі дұрыс жаттығуды білмегенінен ұялады екен. Сонымен қатар, әйелдің айтуынша, мұндай жерлерде "ол өзін семіз сезінеді".

Дене шынықтыру Тинг үшін негізгі ұстанымға айналды.

"Ақша табуды және саяхаттауды жалғастыру үшін салмағым мен денсаулығыма назар аударуым керек", - дейді ол.

Тинг салмақ тастауын жалғастырып жатыр және оның салмағы қалаған деңгейге түспесе, көңіл-күйі түсетінін айтады. Алайда достары мен жақындарының қолдауы оған күш-жігер сыйлайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная