"Спутник V" әзірлеушісі вакцинаның үнді штамына қарсы тиімділігі төмендегенін мәлімдеді

Фото ©REUTERS

Коронавирусқа қарсы ресейлік "Спутник V" жасаушылары вакцинаның үнді штамына қарсы тиімділігі төмендегенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап.

Коронавирусқа қарсы ресейлік "Спутник V" жасаушылары вакцинаның үнді штамына қарсы тиімділігі төмендегенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап.

Гамалея орталығы директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Денис Логуновтың айтуынша, "Спутник V"-ның үнді штамына қарсы тиімділігі шамамен 2,6-ға аз көрсеткен.

"Біз үнді штамына, нақтырақ айтқанда "дельтаға" қатысты сарысулардың белсенділігі шамалы төмендегенін көрдік - бұл Спутник V вакцинасы бойынша шамамен 2,6-ға", - деді ол.

Реклама
Реклама

Алайда ол тиімділік төмендесе де "Спутник V" үнді штамынан қорғайтынын атап өтті.

"Мен тағы бір рет айтайын, 2,6-ға азайғаны - өте аз көрсеткіш, бұл әлемдегі барлық басқа вакцинаға қарағанда аз", - деді Логунов.

Ол, сонымен қатар, қорғанудың жалғыз жолы - Израиль сияқты вакциналау екенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама