15 қазан 2021 | 18:12

"Спутник V" салдырғандар ревакцинацияда "Спутник Лайт" ала алады - Цой

Жансая Қадыржанова Корреспондент
©РИА Новости

"Спутник V" екпесін алған қазақстандықтар "Спутник Лайт" екпесін қайта ала алады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Спутник V" екпесін алған қазақстандықтар "Спутник Лайт" екпесін қайта ала алады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Цойдың айтуынша, алғашқы вакцинация кезінде алынған препараттармен ревакцинацияға рұқсат етіледі, бірақ бұл Спутник V вакцинасына қатысты емес.

"Бұған дейін алған бірдей вакцинаны ала алады. Яғни жалғастыра алады. Бір мәселе, бұл "Спутник V" емес, өйткені бұлар әртүрлі вакциналар. Ережелерге сәйкес бірінші және екінші дозаларға ұқсас вакциналар болады деп қарастырылған. "Спутник Лайт" бар, бізде де өндіріс жүріп жатыр. Менің ойымша, бұл да жақын арада пайда болады. Бұл "Спутник V" бірінші компоненті", - деп хабарлады Цой ОКҚ брифингінде.

Реклама
Реклама

Бұған дейін Қазақстанда азаматтардың коронавирусқа қарсы ревакцинациясы бойынша жоспарлар әзірленіп жатқаны айтылған.

Коронавирусқа қарсы вакцинацияның толық курсын аяқтаған соң 6-9 айдан кейін қосымша доза алу ұсынылады. Соның ішінде:

  • векторлық (Спутник) екпелерімен вакцинациялаған тұлғалар - белсенді емес (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) немесе М-РНК вакцинасымен (Pfizer) 9 айдан кейін ревакцинация;
  • белсенді емес (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) вакцинасын алған тұлғалар - векторлық (Спутник) немесе м-РНҚ вакцинасымен (Pfizer) 6 айдан кейін ревакцинация;
  • М-РНК (Pfizer) вакцинасын алған тұлғалар 6 айдан кейін белсенді емес (Sinopharm, CoronaVac, Hayat - Vax, QazCovid-in) немесе векторлық (Спутник) вакцинамен ревакцинация;
  • вакцинацияның аяқталған курсынан кейін КВИ-мен ауырған адамдар сауыққаннан кейін үш айдан соң ревакцинация ала алады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная