"Спутник V" салдырғаннан кейін өлім жағдайы болды ма?

Фото ©REUTERS

Гамалея орталығының басшысы Александр Гинцбург "Спутник V" вакцинасын салдырғандар арасында COVID-19-дан қайтыс болғандар жоғын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

"Спутник V" вакцинасын салдырған адамдарда осы вирусты жұқтыру салдарынан жағдайы ауырлаған және өлімге әкелген оқиғалар болған жоқ. Өте көп адамға сынақ өткізілді. Олардың барлығы қорғалған", - деді маман.

Ол вакцинаның екінші дозасынан кейін адамда жоғары иммундық реакция пайда болатынын, сонымен қатар, ағза патогенді кездестірген кезде қысқа мерзім ішінде қорғаныс антиденелерінің қажетті мөлшерін жасайтын "жад жасушаларының" көп мөлшері пайда болатынын түсіндірді.

Реклама
Реклама

"Спутник V" - Гамалея Ұлттық эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығында жасалған вакцина. Ол адамның аденовирус векторларының платформасы негізінде жасалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама