10 маусым 2022 10:07

"Стелс-омикрон" штамы Қазақстанның 12 өңірінде анықталды

Мұхтар Жәмішжанов Корреспондент

"Стелс-омикрон" штамы Қазақстанның 12 өңірінде анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Стелс-омикрон" штамы Қазақстанның 12 өңірінде анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сәуір-мамырда жүргізілген ПТР скринингінің нәтижелері бойынша, коронавирус инфекциясының әртүрлі штамдарының айналымы анықталды. Барлық өңірде BA.1 "омикрон" штамы - 98,6 пайыз, оның ішінде 12 өңірде BA.2 "Стелс-омикрон" - 36,7 пайыз, B.1.617-Delta - 1,4 пайыз анықталды.

"ПТР скринингінің нәтижелерін растау үшін толық геномды секвенирлеу жүргізілді. Жүргізілген толық геномды секвенирлеу нәтижесі бойынша BA.2 "Стелс-омикрон" штамының - 93,8 пайыз (Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары, Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары), BA.1 "Омикрон" штамының - 6,2 пайыз (Атырау, Қызылорда, Қарағанды облыстары, Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары) айналымы анықталды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуына қарамастан, министрлік коронавирус инфекциясына қарсы уақтылы вакцинациядан, ревакцинациядан өтуге кеңес береді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram