Таңғы ас ішпеудің салдары қандай? Диетолог жауабы

Сұлу Бөлек Корреспондент
Фото: pixabay

Диетолог Евгений Арзамасцев таңғы астан бас тарту адамның әл-ауқатының нашарлауына, зат алмасудың төмендеуіне және салмақ қосуына әкелетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Москва 24" арнасына сілтеме жасап.

Диетолог Евгений Арзамасцев таңғы астан бас тарту адамның әл-ауқатының нашарлауына, зат алмасудың төмендеуіне және салмақ қосуына әкелетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Москва 24" арнасына сілтеме жасап.

Диетологтың айтуынша, таңғы асты ішпеу тамақтанудың психологиялық әдетін азайтады және тамақтану тәртібін бұзады.

"Яғни, адамға келесі жолы қай уақытта тамақтану керек екені белгісіз болып қалады", - деді ол.

Реклама
Реклама

Маманның айтуынша, таңғы астың болмауы зат алмасудың төмендеуіне әкеледі, өйткені таңертең тамақ ішпесеңіз, ағза зат алмасуды дұрыс бастамайды. Әсіресе, егер бұл таңғы ас көмірсулардың немесе пайдалы, оңай сіңетін протеиннің кейбір мөлшерінен тұрмаса.

Сонымен қатар, диетологтың айтуынша, таңғы ас ішпеу әл-ауқаттың нашарлауына әкелуі мүмкін.

"Таңғы ас – біздің күшіміз бен күндізгі әл-ауқатымыз. Яғни, ол жоқ болса, ағзаның азық алатын жері жоқ", - деді дәрігер.

Маманның пікірінше, метаболизм тек таңғы астың болмауынан ғана емес, сонымен қатар, ретсіз тамақтанудан да бұзылса, болашақта бұл салмақ қосуға әкеледі.

Сондықтан диетолог таңертең міндетті түрде тамақтануды ұсынады, ең дұрысы оянғаннан кейін бір сағаттан соң таңғы ас ішкен дұрыс.

"Оянғаннан кейін бірден таңғы ас ішуге болмайды, өйткені асқазан бірден "оянып" үлгермейді", - дейді дәрігер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная