Тәттіні көп жейтіндер ерте қартаяды - Зерттеу қорытындысы

Иллюстрациялық сурет © Bodyroom.ru

Копенгаген университетіні? ?алымдары т?тті сусындар мен ??рамында ?анты к?п та?амдарды жиі т?тыну ішкі м?шелер мен тіндерді? басым б?лігіне ?ан жеткізуді нашарлататынын аны?тады. Жылдар ?ткен сайын б?л ас?ынып, ?ан айналымы ж?йесіні? істен шы?уына ?келуі м?мкін. ?з кезегінде м?ндай а?ау инсульт пен инфаркт сия?ты ?ауіпті жа?дай тудырады екен, - деп хабарлайды The Copenhagen Post.

Копенгаген университетінің ғалымдары тәтті сусындар мен құрамында қанты көп тағамдарды жиі тұтыну ішкі мүшелер мен тіндердің басым бөлігіне қан жеткізуді нашарлататынын анықтады. Жылдар өткен сайын бұл асқынып, қан айналымы жүйесінің істен шығуына әкелуі мүмкін. Өз кезегінде мұндай ақау инсульт пен инфаркт сияқты қауіпті жағдай тудырады екен, - деп хабарлайды The Copenhagen Post.

Зерттеуге қатысқан 12 ер адамға күніне 225 грамм қан берілген. Тестілеу кезінде олар орындыққа отырып, бір аяғын көтеретін болған. Екі аптадан кейін адамдардың аяғына қанның жетуі 17 пайызға төмендегені анықталды. Мамандардың сөзінше, мұның салдарынан жүрек пен ми зардап шегеді. 

Ғалымдардың айтуынша, дұрыс тамақтанатын және жейтін азығында көкөністер, жемістер мен жаңғақтар кіретін адамдарға ара-тұра жарты литр тәтті сусын ішкен зиян болмайды. Алайда қантты жиі тұтынудан қан тамырларына келетін зиян жылдам қартаюмен (бірден 65 жасқа толғанмен) тең екен. Ал оның салдарынан егде адамдар жиі шалдығатын аурулар қаупі туындайды. Тәжірибе аяқталғаннан кейін адамдардың қалыпқа келуіне де екі апта уақыт кеткен екен. 

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама