11 мамыр 2020 | 09:21

Темекі шегетіндер коронавирусты сирек жұқтыратыны рас па? ДДҰ жауабы

Фото ©pixabay.com

Темекі COVID-19 инфекциясын асқындырып, өлімге әкелу қаупін арттырады, - деп хабарлайды РБК. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшысы Мария Ван Керкхове айтты.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Темекі COVID-19 инфекциясын асқындырып, өлімге әкелу қаупін арттырады, - деп хабарлайды РБК. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшысы Мария Ван Керкхове айтты.

"Барлығымыз темекінің зияны туралы білеміз. Жыл сайын миллиондаған адам темекіден қайтыс болып жатыр. COVID-19 - тыныс алу жолдарының ауруы, ал темекі өкпенің қызметіне зиян келтіреді. Темекінің ауруды асқындырып, қайтыс болу қаупін арттрыратыны туралы жарияланған зерттеулер бар", - дейді сарапшы.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, ДДҰ өкілі темекі шегіп жүріп, коронавирус жұқтырғандардың ауруханаға өзгелермен салыстырғанда жиі жатқызылмайды деген зерттеуге қатысты пікір білдірді.

Оның айтуынша, бұл пікірлер дәлелденбеген және ол темекі коронавирустан қорғайды деген сөз емес.

Еске салайық, мұның алдында еуропалық ғалымдар темекі шегетіндердің өзгелермен салыстырғанда коронавирусты сирек жұқтырады деген болжам жасаған еді.

Дәрігерлер COVID-19 жұқтырғандар мен темекі шегетіндердің арасындағы байланысты анықтады

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная