22 қаңтар 2022 12:07

Теріде көрінетін коронавирус симптомы аталды

Фото: Tengrinews.kz

Онкодерматолог Екатерина Вертиева COVID-19 тері ауруларының өршуіне әкелетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Онкодерматолог Екатерина Вертиева COVID-19 тері ауруларының өршуіне әкелетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап. 

Маман "омикрон" немесе "дельта" сияқты коронавирустың штамдарында бірдей дерматологиялық белгілер байқалатынын түсіндірді.  

"Коронавируста жиі кездесетіні - улы эритема. Бұл терідегі көк дақтардың пайда болуы. Ауыз қуысының шырышты қабығына зақым келуі де мүмкін, яғни ауызда көбік пайда болады, бірақ бұл сирек кездеседі. Көкшіл дақтар негізінен теріде шығады", - деді Вертиева.

Реклама
Реклама

Маманның айтуынша, коронавирустың дерматологиялық белгілері арасында екінші орында есекжем түр. Басқа аурулар да кездеседі.

"Коронавирустың өзі тері ауруларының өршуіне әкелуі мүмкін. Біз теңге қотырдың өршуін немесе басталғанын, оғаш дерматиттің өршуін көріп отырмыз", - дейді Вертиева.

Маман, сонымен қатар, сирек жағдайларда COVID-19 пациенттерде тері тамырларының зақымдалуына (васкулит) әкелуі мүмкін екенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram