14 шілде 2017 | 10:41

Тіс дәрігерлері әлемдегі ең ұзын тісті жұлып тастады

mirror.co.uk

Үндістандық студент Урвил Патель Гиннестер рекорды кітабына енді. Тіс дәрігерлері оның 3,67 сантиметрге жеткен азу тісін жұлып тастады, - деп хабарлайды Mirror.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Үндістандық студент Урвил Патель Гиннестер рекорды кітабына енді. Тіс дәрігерлері оның 3,67 сантиметрге жеткен азу тісін жұлып тастады, - деп хабарлайды Mirror.

18 жастағы жігіт өзінің туған қаласы Вадодарадағы клиникаға келіп көмек сұраған. Оның тісі бетіне шығып кеткен. Ер адам күлуден қалған, сонымен қатар адамдардың көзіне түсуге ұялатын болған. 

Реклама
Реклама

Науқасты қарап шыққан дәрігерлер ота жасауды ұйғарған. Хирургиялық ота 30 минутқа созылған.

Жұлынған азу тістің ұзындығын есептеген мамандар мұның рекордтық дана деген шешімге келген. Дәрігерлердің мәліметінше, ересек адамның тісі орта есеппен алғанда екі сантиметр болуы тиіс екен. 

Осыған дейінгі рекорда Сингапурде 2009 жылы болған. Ол кезде тістің ұзындығы 3,2 сантиметрге жеткен еді. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная