ПОДЕЛИТЬСЯ
15 қазан 2021 | 18:22
Цой Pfizer Қазақстанға нақты қашан жеткізілетінін айтты
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Pfizer/BioNTech вакцинацияның басталатын уақытын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Pfizer/BioNTech вакцинацияның басталатын уақытын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Басымдық 12 жастан асқан балалар мен жүкті және бала емізетін аналарға беріледі. Басқа ересектерге ДДСҰ мақұлдаған вакциналардың әртүрлі нұсқалары бар. Алдымен мен атаған топты егуді бастаймыз", - деді Цой ОКҚ брифингінде.
Оның айтуынша, өңірлерде тоңазытқыштар орнатылып жатыр, одан кейін вакцина әкелінеді.
"Қазақстанда минус 80 градус температуралық жүйе болуы мүмкін. Pfizer вакцинасын жеткізу қиын болғандықтан, қалалар бойынша бірнеше екпе салатын орын анықталады. Біз оның қайда болатынын міндетті түрде хабарлаймыз. Біз вакцинацияның қандай пункттері жұмыс істейтінін хабарлаймыз.
Бұл ең көп дегенде бір айда шешіледі. Тоңазытқыштар жақында қойылады. Менің ойымша, қазан-қараша. Жақында болады", - деді министр.
Бұған дейін Қазақстанда 12-18 жас аралығындағы балаларды вакцинациялау жоспарланғаны хабарланды. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой өз тарапынан Қазақстанда балаларды вакцинациялау тек ерікті түрде, ата-аналардың таңдауымен болатынын атап өтті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также