22 ақпан 2021 12:00

Ұлыбританияда алғаш рет балаларға "өлі жүрек" трансплантациясы жасалды

Ұлыбританияда дәрігер 12 жастан 16 жасқа дейінгі балаларға әлемдегі алғашқы жүректі трансплантациялау операциясын жасады, - деп хабарлайды Unilad.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлыбританияда дәрігер 12 жастан 16 жасқа дейінгі балаларға әлемдегі алғашқы жүректі трансплантациялау операциясын жасады, - деп хабарлайды Unilad.

Ұлттық денсаулық сақтау қызметі (NHS) дәрігерлері TransMedics Organ Care System деп аталатын жаңа қондырғы көмегімен әлемдегі алғашқы өлі жүрек трансплантациясын жасады. Процедура кезінде жүрек құрылғыға қосылған стерилденген камераға орналастырылады.

Жүрек соғысын ұстап тұру үшін 1,5 литр донор қанын қажетті оттегі мөлшерімен толықтырып, оны жүрекке айдайды. Қажет жағдайда арнайы пульт көмегімен қан айналымын жылдамдатуға болады.  

Реклама
Реклама

Осылайша, ұлыбританиялық хирургтер алты баланың өмірін сақтап қалды. 16 жастағы Анна Хэдли өз донорын екі жыл күткен. 

"Менің қазіргі жағдайым өте жақсы. Бұрынғы өмір сүру дағдыма оралдым", - деді Анна.

Unilad

Пандемия кезінде операция жасалып, қазір ол әдеттегі өміріне оралған. Қайтадан хоккей ойнауды бастаған. Дәрігер Любомир Богута жасаған операциядан бір күн бұрын оның әлі тек отырып тамақтануға келетін. Екі аптадан кейін қыз ауруханадан қанағаттанарлық жағдайда шықты.

"Бұл жаңа әдіс әлемдегі мыңдаған баланың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді. Адамар қайтыс болғаннан кейін жүрегін беру арқылы жылдар бойы кезекте тұрған пациенттерге өмір сыйлайды", - дейді трансплантолог дәрігер. 

Дәрігерлердің айтуынша, бұл нәтиже болашақта жүрек трансплантациясы санын көбейтіп, өлім-жітімді төмендетуге мүмкіндік береді.

Бұған дейін Нью-Йорк университетіндегі Langone Health академиялық медицина орталығының дәрігерлері АҚШ-та алғаш рет бет пен қол трансплантациясын сәтті жасаған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram