ПОДЕЛИТЬСЯ
20 маусым 2021 | 11:30
Үнді штамына қарсы иммунитет қалыптастыру жолы айтылды
Ресейлік аллерголог-иммунолог Владимир Болибок үнді штамына қарсы иммунитетті қалыптастыру жолын айтты, - деп хабарлайды Lenta.ru.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ресейлік аллерголог-иммунолог Владимир Болибок үнді штамына қарсы иммунитетті қалыптастыру жолын айтты, - деп хабарлайды Lenta.ru.
Дәрігердің сөзінше, ағзаны күшейтудің бір ғана жолы бар, ол - дәрі-дәрмектер. Маман иммунитетті күшейтуге иммуномодуляциялайтын құралдар тобына жататын препараттартарды қолдануды ұсынды.
Дәрігер ауруға қарсы иммунитетті күшейтудің дәрілік емес әрекеттері профанация екенін айтады.
"Адам иммунитетінің деңгейі екі параметр бойынша анықталады. Біріншісі - генетикасы, екіншісі - жасы. Адамда иммундық қорғаныш деңгейі "бағдарламаланған". Сәйкесінше, кей кезде иммундық жүйе жақсы жұмыс істесе, кейбір вирус пен бактерияға қарсы әрекет ете алмауы мүмкін. Ол әр адамда әртүрлі болады", - дейді Болибок.
Дәрігер адам өмірінде төтеп бере алатын вирус пен бактериямен кезігетінін айтады.
"Сондай-ақ оған адам жасы да әсер етеді. Орта есеппен адамда 35 жасына қарай жасырын не ашық түрде созылмалы ауру болады. Сәйкесінше, COVID-19 сол жас шкаласы бойынша иммундық жүйеге әсер етеді. Яғни адам жасы неғұрлым үлкен болса және иммундық жүйесі әлсіз болса, соғұрлым оған вирус белсенді түрде шабуыл жасайды", - дейді маман.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также