Үндістанда жігіттің басынан салмағы екі келіге жуық ісік алынды

Үндістанда жігіттің басынан салмағы екі келіге жуық ісік алынды © AFP 2018 / Indranil Mukherjee

?ндістанда ?лемдегі е? ?лкен ми ісігі алынды, деп хабарлады РИА Новости агенттігі The Hindu басылымына сілтеме жасап.

Үндістанда әлемдегі ең үлкен ми ісігі алынды, деп хабарлады РИА Новости агенттігі The Hindu басылымына сілтеме жасап.

Агенттіктің хабарлауынша, Мумбайда хирургтар тобы салмағы 1,8 келі ісікті алып тастады. Операция алты сағатқа созылған.

Нейрохирур Тримурти Надкарнидің айтуынша, бұл ісік әлем бойынша ең ірі - оның өлшемі науқастың басынан да үлкен.

Реклама
Реклама

"31 жастағы Сантала Палдың басындағы ісік үш жыл бұрын өсе бастаған, алайда ешбір дәрігер мұндай үлкен ісікке күрделі ота жасауға бата алмапты", - делінген жарияланымда.

Пал ауруының кесірінен соқыр болып қалған, алайда дәрігерлер ісік алынған соң ол қайта көретін болады, деп үміттеніп отыр. Ол қазір отадан кейін есін жиып, қалыпқа келіп жатыр, оның өміріне келер еш қауіп жоқ.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама