Зағиптық дәрісі. Ыстық шай көзге пайдалы болып шықты

Зағиптық дәрісі. Ыстық шай көзге пайдалы болып шықты © pomada.cc

Т?жірибе кезінде кофе, суы? шай, ??рамында кофеин жо? шай мен ?зге де алкогольсіз сусындарды? к?зге ?сері жо? екені аны?талды. Зерттеу ?орытындысы British Journal of Ophthalmology басылымында жарияланды. 

Тәжірибе кезінде кофе, суық шай, құрамында кофеин жоқ шай мен өзге де алкогольсіз сусындардың көзге әсері жоқ екені анықталды. Зерттеу қорытындысы British Journal of Ophthalmology басылымында жарияланды. 

Күніне бір шыны ыстық шай ішу глоукоманың - толықтай зағип болып қалу қаупін 74 пайызға төмендетеді екен. 

2005 және 2012 жылдар аралығы диета мен денсаулықты бақылау бағдарламасы бойынша медбикелер мен өзге медицина қызметкерлеріне зерттеу жүргізген ғалымдар осындай пікірге келді. 

Реклама
Реклама

Авторлардың сөзінше, шай құрамындағы антиоксиданттар, химиялық агрессив молекулалардың жиналуынан болатын көз жасушаларының жаппай өлуінен сақтайды. 

Глаукома көздегі қан қысымының артуынан болады және ол көру жүйкесін зақымдайды екен. Ал бұл әлемдегі зағиптыққа әкелетін басты себептердің бірі. 

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама