Жапондар тұмауды бір күнде емдеуді үйренді

© doutissima.com.br

Жапонияда тұмауды бір күнде емдейтін дәрі әлемде тұңғыш рет сынақтан сәтті өтті, - деп хабарлайды РИА Новости.

Жаңа дәрі өзгелерге қарағанда тұмау вирусының таралуына жол бермей, оны бірден өлтіреді. Ол  вирустың көбеюіне қажетті ферменттердің түсуіне қарсы тұрады. Тұмаудан жазылу үшін дәріні бір күн ішу жеткілікті.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, дәрі тұңғыш клиникалық сынақтан Жапонияда өтіп, тиімділігін көрсетті. Екінші кезең қарашада тұмауға шалдыққандар күрт артқанда басталады. Ол кезде дәрі жүздеген адамға беріледі.

Реклама
Реклама

Жапонияның Денсаулық сақтау министрлігі дәрінің тиімділігі, қауіпсіздігі толық дәлелденгеннен кейін оған 2018 жылы лицензия беріліп, сатылымға шығарылуы мүмкін деп есептейді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама