Жүктілік кезінде шалқалап ұйықтау баланың өлі туу қаупін жоғарылатады

© Baby-sleep.ru

Жа?а Зеландияда?ы Окленд университетіні? д?рігерлері босану?а жа?ын ?ал?ан ?йел адамдар?а шал?алап жатпау?а ке?ес берді. Б?л туралы The Journal of Physiology басылымында жарияланды, - деп хабарлайды Lenta.ru.

Жаңа Зеландиядағы Окленд университетінің дәрігерлері босануға жақын қалған әйел адамдарға шалқалап жатпауға кеңес берді. Бұл туралы The Journal of Physiology басылымында жарияланды, - деп хабарлайды Lenta.ru.

Ғалымдардың сөзінше, жүктілігіне тоғыз ай болған әйелдердің шалқасынан жатуы баланың өлі туылу қаупін жоғарлатады. Дәрігерлердің пайымдауынша, бұған жатырдағы нәрестенің жүрек қағысының жиілігі өзгеріп, қанға жеткізілетін оттегінің төмендеуі себеп.

Ғалымдар 7-9 айдағы 29 жүкті әйелдің ішіндегі нәрестелерінің жүрек қағысының жиілігін бақылаған. Ары қарай олар жүкті әйелдердің басқаша ұйықтауын және оның баланың денсаулығына әсерін зерттемек. Сонымен қатар, олар Ұлыбританияда әрбір 227-ші баланың өлі туылатынын атап өтті. 

Реклама
Реклама

Мұның алдында америкалық ғалымдар жүкті әйелдің күйзеліске шалдығуы баланың ер жеткен шағында когнитивті қиындықтар мен мазасыздықтың пайда болуына әкелетіндігі хабарланған болатын. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама