Жұмыртқа сәбилерге өте пайдалы екені анықталды

© azh.kz

Америкалы? д?рігерлер ж?мырт?аны? та?ы бір пайдасын ашты - ж?мырт?аны тама??а пайдалану балаларды? бойыны? ?суіне сеп болып, дамуды? тежелуін  жояды екен. Б?л зерттеу Pediatrics журналында жарияланды, - деп хабарлайды Lenta.ru.

Америкалық дәрігерлер жұмыртқаның тағы бір пайдасын ашты - жұмыртқаны тамаққа пайдалану балалардың бойының өсуіне сеп болып, дамудың тежелуін  жояды екен. Бұл зерттеу Pediatrics журналында жарияланды, - деп хабарлайды Lenta.ru.

Ғалымдардың есебі бойынша, жұмыртқаны тамаққа пайдаланбайтындарға қарағанда жұмыртқа жейтін адамдардың ағзасының дамуы орташа 1,47 есе жақсы болады екен. 

Ғалымдар өткізілген зерттеу қорытындысы бойынша осындай шешімге келген. Зерттеуге күніне бір жұмыртқадан жеп отырған алты айдан тоғыз айға дейінгі эквадорлық сәбилер қатыстырылған. Сонымен бірге, тамаққа жұмыртқаны пайдаланған топқа тәтті сусындар берілмепті. Бұл топтың көрсеткіштері жұмыртқаны аз және тәтті сусындарды көбірек пайдаланған топтың көрсеткіштерімен салыстырылды. 

Реклама
Реклама

Мамандардың сөзінше, жұмыртқа өсіп келе жатқан балаға қымбат емес және қолжетімді құнарлы тағам. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама