23 тамыз 2023 | 11:25

2023 жылы жастарға 29 миллиард теңге несие беріледі

Фото:elements.envato.com

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ арқылы жастарға жеңілдікпен шағын несие беру бағдарламасы аясында 2023 жылы 21-35 жаc аралығындағы азаматтарға бизнесті кеңейту үшін 29 миллиард теңге несие беріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ арқылы жастарға жеңілдікпен шағын несие беру бағдарламасы аясында 2023 жылы 21-35 жаc аралығындағы азаматтарға бизнесті кеңейту үшін 29 миллиард теңге несие беріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"21-35 жас аралығындағы азаматтардың 2,5 пайыздық жеңілдікпен несие алу мүмкіндігі бар. Егер жеке кәсіпкер мәртебеңіз болса, кәсіпорынды тіркеу мерзімі 5 жылға дейін болуы керек. Облыстың жас тұрғындары несие алу үшін сенімді деп танылған Аграрлық несие корпорациясына тиісті құжаттарды тапсыруы қажет", - делінген хабарламада.

Несиенің негізгі шарттары:

Реклама
Реклама
  • микрокредит мерзімі - 5 жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін микрокредит мерзімі – 7 жылға дейін;
  • микрокредиттің ең жоғары сомасы - 5 миллион теңгеге дейін;
  • номинал сыйақы мөлшері - жылына 2,5 пайыздан аспайды;
  • кепілдіктің болуы;
  • негізгі қарыз бен сыйақыны өтеу үшін жеңілдік кезеңі 1/3 микрокредит беру мерзімінің ұзақтығынан аспауы қажет;
  • Қазақстанның салық заңнамасына сәйкес сенім білдірген агентке микрокредит алу үшін жүгінген кезде жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу мерзімі бес жылдан кем кәсіпкерлер.

Микрокредит алу үшін құжаттарды тапсыру мәселесі бойынша Аграрлық несие корпорациясына жүгіну қажет.

2023 жылғы 10 тамыздағы жағдай бойынша 5,3 мыңнан аса өтінім түскен, оның 3344-і мақұлданған.

"2577 жобаны іске асыру үшін 11,4 миллиард теңге кредит берілді. Қалғандары - қаржыландыру сатысында. Несие алушылар арасында мал шаруашылығы, қызмет көрсету, сауда, өсімдік шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп салаларындағы кәсіпкерлер басым.

Несие 21-35 жас аралығындағы азаматтарға өз бизнесін ашуға немесе кеңейтуге беріледі. 2023 жылы 29 миллиард теңге сомасына 5796 шағын несие беру жоспарда бар", - деді Үкімет баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная