Чехия премьері Қазақстанға қатысты өтініш үшін өз елінің СІМ-ін сынға алды

Чехия премьері Қазақстанға қатысты өтініш үшін өз елінің СІМ-ін сынға алды Андрей Бабиш. Ақорда баспасөз қызметінің фотосы

Чехия премьер-министрі өз елінің Сыртқы істер министрлігінің Қазақстанға қатысты өтінішін сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Чехия премьер-министрі өз елінің Сыртқы істер министрлігінің Қазақстанға қатысты өтінішін сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл туралы Андрей Бабиш TV Nova телеарнасы эфирінде мәлімдеді. Оның айтуынша, Чехия Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлері оған Қазақстанды көрші елдермен қарым-қатынасты шектеуге шақыру туралы өтініш хат тапсырған.

Андрей Бабиш мұндай құжатты нақты кім дайындағанын нақтыламады, бірақ бұл Чехияның бұрынғы сыртқы істер министрі Ян Липавский немесе оның адамдары болуы мүмкін деп болжады.

Жарнама
Жарнама

Премьер мұндай өтінішке таңғалғанын жеткізіп, Чехияның алдыңғы үкіметінің сыртқы саяси бағытын сынға алды.

"Липавский туралы тіпті пікір білдіргім де келмейді. Шетелдегі масқара жағдай. Елшілердің не айтып жатқанын естігенде... Ол басқа елдерге барып, не істеу керек екенін үйретіп, ақыл айтумен болған", - деді Чехия үкіметінің басшысы.

БАҚ мәліметінше, Андрей Бабиш пен Ян Липавский арасындағы қарым-қатынас шиеленіскен. Липавский Чехия СІМ басшысы болып тұрған кезде 2024 жылы Бабишті сынға алып, оны "қауіпсіздікке төнген қатер" деп атаған болатын.

Чехия премьер-министрі 28-29 сәуір аралығында Қазақстанға сапармен келді. Ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Үкімет басшысы Олжас Бектеновпен кездесті. Келіссөздердің негізгі тақырыбы экономикалық ынтымақтастық пен энергия ресурстарын жеткізу мәселелері болғаны хабарланды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама