Еуропада коронавирусқа қарсы вакцинация басталды

Фото: elements.envato.com

Еуропа елдерінде 27 желтоқсаннан бастап тұрғындарды коронавирусқа қарсы вакцинациялау басталды, - деп хабарлайды Lenta.ru.

Еуропа елдерінде 27 желтоқсаннан бастап тұрғындарды коронавирусқа қарсы вакцинациялау басталды, - деп хабарлайды Lenta.ru.

Германия, Франция, Испания, Австрия, Болгария, Чехия, Испания және Италия тұрғындарына COVID-19-ға қарсы вакцина салынады. Вакцинация барлық елдің азаматтары үшін ерікті және тегін болады.

Бірінші кезеңде Еуропалық Одақ (ЕО) елдерінің әрқайсы бес мың адамға дейін вакцинация жасай алады. Жаппай вакцинация көктемге дейін басталмайды. Қазіргі уақытта еуропалық реттеуші мақұлдаған жалғыз препарат - Pfizer мен BioNTech бірлесіп жасаған вакцина.

Реклама
Реклама

Бұған дейін Германия жаппай вакцинациялау аясында алғаш вакцина салып бастаған болатын. Саксония-Анхальтта Халберштадттағы қарттар үйінен келген 101 жастағы әйел вакцина салдырған. Жалпы алғанда, қарттар үйіндегі 59 адамның 40-ына, сондай-ақ орталықтың 10 қызметкері мен басқарушы директорына вакцина салынған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама