“Иә деген - иә“: ЕО зорлауды анықтаудың жаңа стандартын қабылдады

“Иә деген - иә“: ЕО зорлауды анықтаудың жаңа стандартын қабылдады Фото:depositphotos.com

Еуропалық заң шығарушылар белсенді келісімсіз жыныстық қатынасты зорлау деп анықтау үшін дауыс берді. "Иә деген - иә" принципі бойынша тұжырымдалған жаңа анықтама зорлаушылардың бостандықта қалуына жол беретін олқылықтарды жоюға бағытталған, деп хабарлайды Tengrnews.kz тілшісі CNN-ге сілтеме жасап.

Еуропалық заң шығарушылар белсенді келісімсіз жыныстық қатынасты зорлау деп анықтау үшін дауыс берді. "Иә деген - иә" принципі бойынша тұжырымдалған жаңа анықтама зорлаушылардың бостандықта қалуына жол беретін олқылықтарды жоюға бағытталған, деп хабарлайды Tengrnews.kz тілшісі CNN-ге сілтеме жасап.

Еуропалық парламенттің сейсенбі күні басым көпшілік дауыспен қабылданған резолюциясы ЕО-ға мүше барлық мемлекеттерді келісімнің тек "иә деген - иә" принципіне негізделген құқықтық стандартын қабылдауға шақырады. Сонымен бірге мәжбүрлеу арқылы алынған "иә" жауабының жарамсыз екенін мойындайды.

Бұл қадам дәстүрлі "жоқ деген - жоқ" принципін алмастыруға бағытталған. Белсенділердің пікірінше, ол жыныстық әрекеттерге нақты әрі анық келісімді талап етпейтіндіктен, құрбандардың қорғалуын қамтамасыз етпейді.

Жарнама
Жарнама

Бұл резолюция - саяси процестегі алғашқы қадам ғана: енді оны ЕО-ға мүше мемлекеттерде дауыс беру үшін заң жобасы ретінде ұсыну қажет болады.

Нидерландыдан келген Еуропарламент депутаты Анна Штроленберг: "Әйелдерді шын мәнінде құрметтейтін қоғам олардың жеткілікті деңгейде қарсылық көрсеткен-көрсетпегенін емес, өз еркімен келіскен-келіспегенін сұрайды", - деп мәлімдеді.

"Ұйықтап жатқан, есірткі әсеріндегі, бейхабар немесе қорқыныштан есеңгіреп қалған адамның келісім беруі мүмкін емес. Осындай күмәнге жол беретін кез келген заң зорлық-зомбылыққа жол береді", - деді ол.

Қазіргі уақытта Еуропадағы зорлау туралы заңдар әдетте екі модельдің бірін ұстанады: зорлауды келісімсіз жыныстық акт ретінде қарастыратын келісімге негізделген немесе жыныстық актіні күшпен жасауды талап ететін мәжбүрлеуге негізделген.

Amnesty International мәліметінше, ЕО-ға мүше 27 мемлекеттің 21-і келісімге негізделген зорлау туралы заңдарды қабылдаған, ал Швеция мен Испанияны қоса алғанда, кейбір елдерде заң "иә деген - иә" принципіне сүйенеді. Сонымен қатар Венгрия мен Латвия сияқты елдерде заң, әдетте, күш қолдануды, қорқытуды немесе мәжбүрлеуді дәлелдеуді талап етеді.

Сарапшылардың айтуынша, заңнамадағы бұл олқылықтар зардап шеккендер үшін айтарлықтай кедергілер туғызады, өйткені олардан зорлық-зомбылық немесе қоқан-лоққы қолданылғанын дәлелдеу талап етіледі.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама