Стокгольм қаласындағы метро маңында жарылыс болды

Оқиға болған аймақ қоршауға алынды © svt.se

Стокгольм ?аласыны? о?т?стік-батысында метроны? Ворбю станциясыны? (метро Varby Gard) ма?ында жарылыс болды. Кемі екі адам зардап шекті, - деп хабарлады The Local.

Стокгольм қаласының оңтүстік-батысында метроның Ворбю станциясының (метро Varby Gard) маңында жарылыс болды. Кемі екі адам зардап шекті, - деп хабарлады The Local.

Полицияның мәліметінше, 60 жастағы ер адам зардап шеккен, ол жерде жатқан белгісіз затты көтерген. Сонымен қатар, онымен бірге серуендеп жүрген 45 жастағы әйел жарақат алды. Жарылыс күшінің қаншалықты болғаны әзірше белгісіз.

"Келіп түскен мәліметтер бойынша, зардап шеккен ер адам жерден бір затты алған. Ол зат жарылып, ер адам қатты жараланды. Ол ауруханаға жеткізілді", - деп келтірді РИА Новости Стокгольм полициясының БАҚ өкілдеріне берген хабарламасын.

Реклама
Реклама

Станция мен метроның айналасы уақытша қоршалды. Стокгольм қаласында маршруттарды алмастыру үшін қосымша автобустар шығарылды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама