Тоқаев Швеция королін 80 жылдық мерейтойымен құттықтады

Нұрила Достарқызы Корреспондент
Тоқаев Швеция королін 80 жылдық мерейтойымен құттықтады Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Швеция королі XVI Карл Густавты 80 жылдық мерейтойымен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Швеция королі XVI Карл Густавты 80 жылдық мерейтойымен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Король XVI Карл Густавтың парасатты басшылығымен Швеция Еуропада және әлемдік аренада маңызды рөл атқаратын мемлекет мәртебесін сақтап келе жатқанын атап өтті.

Президент қос халық арасындағы достық байланыстар мен өзара түсіністікті жоғары бағалайтынын, сондай-ақ Швециямен сан қырлы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға сенім артатынын жеткізді.

Жарнама
Жарнама

Қасым-Жомарт Тоқаев Король XVI Карл Густавтың ел игілігі жолындағы еңбегіне толайым табыс, ал достас Швеция халқына бақ-береке тіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама