13 жастағы бала Балқаш көлінде суға батып кетті

Камила Долаева Журналист
13 жастағы бала Балқаш көлінде суға батып кетті © kn.ks.ua

4 шілдеде 13 жаста?ы бала Бал?аш к?лінде су?а батып кетті. Оны? денесін ?ала т?р?ындары тауып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

4 шілдеде 13 жастағы бала Балқаш көлінде суға батып кетті. Оның денесін қала тұрғындары тауып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыстың төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері баланың денесі Балқаш қаласының шетінде жүзуге жабдықталмаған жерде табылғандығын хабарлады.

"Оқиға жайлы бізге денеге ұқсас бір затты байқаған қала тұрғындары хабарлады, - дейді ведомство өкілі Жанна Дауренбекова. - Біздің қызметкерлер сол жерге аттанып, сағат 16.27-де жасөспірімнің денесін судан алып шықты". 

Жарнама
Жарнама

Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментіндегілер рұқсат етілмеген жерлерде шомылу қаупін еске салады. 

"Жабдықталмаған жағажайдағы тазартылмаған су түбі, күшті ағын мен иірім және т.б. қауіпті болуы мүмкін.  Шомылу қаупі құтқару стансаларының  да болмауымен байланысты", - деді Дәуренбекова.

Құтқарушылар шомылу кезінде қауіпсіздік ережесін ұстануды, балаларды қараусыз қалдымрмауды, шектелген жерден ары жүзіп кетпеуді сұрайды.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама