11 қаңтар 2022 | 19:35

"15 сағат отырдық". Тәртіпсіздіктер басталғанда әнші Nazима ұшақта болған

Фото:instagram.com/13nazima

Алматыда жаппай тәртіпсіздіктер кезінде әнші Nazima ұшақта болған. Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда жаппай тәртіпсіздіктер кезінде әнші Nazima ұшақта болған. Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның сөзінше, бұл жағдай туралы ол бірнеше күн бұрын жазып қойған, оны жариялау үшін Интернеттің қосылуын күткен. 

"Мен сол күні басып алынған әуежайдың ұшу-қону жолағында болған ұшақтардың бірінде болдым. 5 қаңтарда Алматыда концертім өтуі керек болған. Мен алдын ала ұшып келгенмін. Бәрі тыныш еді. Дүкендерге барып, сыйлық сатып алдым. Қонақүйге келгенімде жарылыстар басталды. Таңғы жетіге дейін жарылыстың даусынан ұйықтай алмадым. Интернет өшіп қалған. Бірақ концерттік директорымнан концерт кейінге қалғаны туралы хабар алып үлгердім", - дейді Назима. 

Реклама
Реклама

Сөйтіп, ол тезірек ұшып кету үшін Мәскеуге билет қарай бастаған. Үлгеру үшін әуежайға төрт сағат бұрын келген. 

"Мен әуежайға келгенімде ішкі рейстер бірден кейінге қалды. Халықаралық рейстегілер отырғызуды күтіп отырды. Қылмыскерлер келе жатқанда гейтке жүгіріп үлгердім. Рейске жүгіріп келе жатқан адамдар келгеннен кейін ұшақ бірден жабылды", - дейді әнші.   

Бірақ ұшақ ұша алмаған. Себебі ұшқыштар әуежайды әлдекімдер басып алғанын, диспетчерлермен байланыс жоғын айтқан. 

"Әрі кетсе 15 минут өткен шығар. Бізге ұшақта адамдар отырғанын білдірмеу үшін иллюминатор пердесін жабу керегін айтты. Интернет жоқ, не болып жатқанын білмедік, ешкіммен байланыса алмадық. Бізді жарып жібереді деп қорықтық, себебі жанымыздан көліктер өтіп, қарап жүрді және біз олар әуежай қызметкерлері емес, оны басып алғандар екенін түсіндік", - дейді Назима. 

Осылайша, әнші ұшақта 15 сағаттай отырған. 

"Бізді эвакуациялап, мен ағама кеттім. Келесі тәулікте Алматыда болдым. Шымкентке шығып кету үшін көлік іздедік. Таныстарымызбен келісіп, таңертең өз отбасыма барамын деп жоспарлағанмын", - деді әнші. ⠀

Бірақ Назиманы Шымкентке жеткізу қажет болған екі жігіттің көлігіне оқ атылған. Біреуі қайтыс болған, екіншісі жарақат алған. Бұл 6 қаңтарда болған оқиға екен. 

"Шымкентке шыққан кезімізде айналамызда өртенген көліктер көп болды, дүкендер қираған, адамдар жанрармай құю бекетінен жанармай ұрлап жатты. Менің сүйікті Алматым, соғыстан кейінгі жағдай секілді... Өз көзіме сене алмадым", - деді Назима. 

Әнші тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқандардың отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтты.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная