156 миллион теңгенің дүниесін ұрлады деген қазақстандық әйел Ыстамбұлда ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: polisia.kz

Зергерлік бұйымдарды ұрлағаны үшін іздеуде жүрген қазақстандық Ыстамбұлда ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Зергерлік бұйымдарды ұрлағаны үшін іздеуде жүрген қазақстандық Ыстамбұлда ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауымен Ыстамбұлда ҚР ҚК-нің 188-бабы 4-бөлігі (ұрлық) бойынша қылмыс жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген 33 жастағы әйел ұсталды.

"Ол 2021 жылдың желтоқсанынан 2022 жылдың маусымына дейін Астанадағы зергерлік дүкендердің бірінде сатушы болып жұмыс істей жүріп, жалпы құны 156 миллион теңгеден асатын бұйымдарды ұрлап кеткен", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

ІІМ мәліметінше, 27 қарашада түрік құқық қорғау органдарының көмегімен күдікті Қазақстанға депортацияланып, қамауға алынған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама