21 мамырда ақтаулық әскерилер револьвер тауып алған

© vk.com

Ақтауда 7-ші ықшамаудандағы тұрғын үйлердің бірінің ауласында 21 мамырда №6656 әскери бөлімінің әскерилері револьвер тауып алған, - деп хабарлайды "Лада" басылымы ҚР "Батыс" Ұлттық ұланының баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап. Револьверді және оны тастаған адамды Дагир деген неміс иті тауып берген.

"Патруль басшысы Роман Шиябудинов, қатардағы жауынгерлер Мәліхан Төлегенов, Арынғазы Шапанатұлы және патруль-кинолог Вадим Лащенко Дагим деген неміс итімен Ақтауда патрульдеуде болған. Шамамен сағат 18.30-да әскерилерге балалар жақындап, 7-ші ықшамаудандағы 19-шы үйдің маңында белгісіз біреудің тапанша тастап кеткенін айтқан. Үй маңын тексергендер револьвер қаруын тапқан. Оқиға орны қоршауға алынды", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Патурль-кинолог Вадим Лащенконың қызметтік иті қаскөйдің ізіне түскен. Ит сол ықшамаудандағы 12-ші үйдің кіреберісіне жақындағанда иіс иесін танығанын білдіретін белгі берген. 

Реклама
Реклама

Ұсталған азамат Ақтау ІІБ полиция бөліміне берілді. 

Оны ұстау кезінде қырағылық танытқан сарбаздарды ҚР Ұлттық ұланының "Батыс" өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы марапаттады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама